Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Надыров Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы қызметінен кетті

Камалжан Надыров Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров осы жылдың маусым айынан бері қызмет еткен. Қ.Надыров өз еркі бойынша қызметінен босатылды, - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Камалжан Надыров 1983 жылы 27 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. 

Еңбек жолын 2007 жылы дәрігер-интерн, клиникалық ординатор, бөлім меңгерушісі, "Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы" бас директорының орынбасары болып бастаған.

2014 жылдан бастап денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2015-2017 жылдары "Республикалық диагностикалық орталықтың" (University Medical Center филиалы) директоры қызметін атқарды.

2017-2019 жылдары елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды. 2019 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Талқылау