"Надан адамдар бар": Әнші Qanay өзін "күшік күйеу" деп сынағандарға жауап берді
Көпшілікке Qanay лақап атымен танымал Нұрболат Қанай әлеуметтік желіде қайын жұртында қызмет етіп, бірге уақыт өткізіп жүрген видеосын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/qanay.913
Qanay-дың Жетісайда жүргенін көрген желі қолданушылары оны “күшік күйеу” деп сынаған көрінеді.
“Кейбір надан адамдар бар. Қайын жұртқа барғанымды намыс көріп, “күшік күйеу” дейді. Неге ақылдарың сондай таяз? Білмеймін, қайын жұртқа баруды намыс көретін түсінік бар. Тәкаппарлар. Олар да менің әке-шешем, жаңа отбасым”, – деп жазды жас әнші.

"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар