AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көлігімді саттым, қарыз алдым": Жұмыссыз Мұрат Мұтырғанов Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінуге мәжбүр болған

Былтыр Қазақстанда төтенше жағдай режимі кезінде жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар саны 170 мыңға жеткен еді. Еліміздің түкпір-түкпірінде тұрақты табысынан айырылғандар өз жағдайларын айтып, мемлекеттен көмек сұрап жатса, енді бірі басқа салаға ауысуға мәжбүр болды. Пандемия кезінде, әсіресе, ойын-сауық саласы қатты зардап шекті. Кинотеатр, театр, цирк және тағы басқа мекемелер жабылып, қызметкерлерін қамтамасыз ете алмағаны да белгілі. Осындай қиын-қыстау кезең белгілі цирк әртісі Мұрат Мұтырғановқа да оңай соқпапты. Тұрақты жұмысынан айырылған ол оқырмандары ұсынған Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгініп, мәселесін шешуге бел буған көрінеді. Мұрат Мұтырғановтың орталыққа не себепті жүгінгенін, одан қандай нәтиже шыққанын Stan.kz тілшісі әртістің өзінен сұрап білді. 

Скриншот: Instagram

Пандемия басталып, 2020 жылдың 16 наурызында ойын-сауық мекемелері жабылып қалды. Соның ішінде цирк те жабылды. Қиындау кезең болды. Осы орайда мен Халықты жұмыспен қамту орталығына бардым, дейді әртіс.

"Олар маған қандай көмек бере алады, ол көмекті қалай алуға болады? Осы сұрақтарға жауап алғым келді. Бастапқыда пандемия кезінде адамдар немен айналысып жатыр, соны сұрап Инстаграмға пост жаздым. Көп адам маған орталыққа баруға ұсыныс жасады.

Пандемия басталып, цирктағы жұмысым тоқтап, бір жылдай жұмыссыз жүрдім. Осы уақыт аралығында біз дайын болмаған қиындықтарға кезіктік. Көлікті сатып, несие алып, достардан қарызға алуға тура келді. Алайда бұған мұңайып отырған мен жоқ. Балаларға арналған фокустар үйрететін онлайн курстар жасап шықтым", - дейді Мұрат Мұтырғанов. 

Цирк әртісі осы жолда оған сапалы көмек берген мемлекеттік мекеме жұмысын жақсы бағалап отырғанын жеткізді.

"Мемлекеттік мекеме ретінде олардың қызметін 5-ке бағалар едім. Барлығы өте әдепті, сыпайы, салмақты. Жүйке жүйеңе ешқандай салмақ түспейді. Барлығы нақты, толыққанды түсіндіріледі. Кейбір мемлекеттік мекемелердегідей "Ана жаққа бар, мына жаққа бар, бұл бізге қатысты емес" дегендей қарым-қатынас жоқ. Жалпы, көңілімнен шықты. Әлі курсты бітірген жоқпын, сертификат алған жоқпын. Десе де, қазіргі уақытта маған барлығы ұнап жатыр", - дейді ол. 

Әртіс бастапқыда мемлекеттік мекеме қызметі көңілінен шықпайды деп ойлаған. Тіпті өзін күтіп тұрған қиындықтарға дайын болдым, дейді. 

"Шынымды айтсам, ұзын-сонар кезекке, кішкентай ыстық бөлмеде отыруға, негативті қарым-қатынасқа, өз жұмысын дұрыс атқармайтын қызметкерлерге дайын болдым. Алайда барлығы керісінше болды. Талоны бар номерді бірден алдым. Ал егер кезекке онлайн тапсырыс берсе, талонды одан да тезірек алуға болады. Небәрі 15 минуттан соң менің кезегім келіп, өте сыпайы, барлық ақпаратқа қанық маманның консультациясын алдым. Ол маған пандемия кезінде жұмыстан айырылған адамдарға қандай көмек беруге болатыны жайлы толыққанды ақпарат берді. Алматыдағы Халықты жұмыспен қамту орталығы осындай пайдалы екенін біліп таңғалдым", - дейді ол.

Айтуынша, Халықты жұмыспен қамту орталығында оған төрт бірегей бағдарламаны ұсынған.

"Біріншісі, енді ғана университет қабырғасын бітіріп шыққан түлектерге арналған Жастар бағдарламасы, ол 23 жасқа дейінгілерге бағытталған. Екіншісі, әлеуметтік бағдарлама. Ол жерде жоғары оқу орнын бітіргені жайлы диплом қажет. Өкінішке қарай, менде ЖОО дипломы жоқ еді. Сондықтан бұл маған сәйкес келмеді. Үшінші бағыт, қоғамдық жұмыстар. Төртінші бағыты және маған сәйке келгені: "Бастау бизнес" бағдарламасы бойынша оқыту. Мен осы оқыту бағдарламасын таңдадым", - дейді ол.

"Бастау бизнес" бағдарламасын таңдауына себеп болған нәрсе - жоғары білімімнің жоқтығы, дейді әртіс.

"Жұмысы, жоғары білімі жоқ адам үшін тек осы нұсқа келіп тұр. Аладғы уақытта осы студиямды ашуға грант ұтып аламын деп ойлаймын. Бұл онлайн курс бойынша оқып, сертификат алып, жеңілдікпен берілетін несиеге құжат тапсыра аламын. Онда қолайлы пайызбен несие алуға болады. Сондай-ақ, кәсіп бастауға арналған гранттар бар", - дейді әртіс.

Мұрат Мұтырғановтың айтуынша, оның қазіргі арманы - балаларға арналған цирк студиясын ашу.

"Бұл студия әлеуметтік жағдайы төмен балаларға арналады және тегін болады. Қолымнан келеді деп үміттенемін, осы мақсатта қазір білім алып жатырмын", - дейді ол.

Айта кетейік, Халықты жұмыспен қамту орталықтары әрбір ауданда, облыстық маңызы бар қалаларда: Алматы және Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында бар. Мемлекеттік мекемелер жергілікті атқарушы органдармен 2011 жылы құрылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 203 халықты жұмыспен қамту орталығы бар.

Орталықтардың негізгі мақсаты – азаматтар мен жұмыс берушілерге еңбек делдалдығын көрсету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын жүзеге асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары халыққа және жұмыс берушілерге тегін ұсынады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр