Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мұндай өмірден шаршадым": Шымкенттік әйел екі баласын неліктен әкімдікте тастап кеткенін түсіндірді

Шымкенттің Абай аудандық әкімдігінде екі баласын қалдырып кеткен әйел өз әрекетінің себебін түсіндірді. 40 жастағы әйел балаларын әдейі қалдырмағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

Сурет: Tengrinews.kz 

Төрт баланың анасы Гаухар Үсіпәлиева балаларымен бірге жеркепенің бір бөлмесін жалдап тұрады. Пәтер жағалап жүрген әйел мемлекеттен 90 мың теңге жәрдемақы алады. Алайда оның 30 мың теңгесін пәтерге төлеймін, қалған 60 мың теңгеге киім, азық-түлік алып, балаларды мектепке дайындау керек, дейді.

40 жастағы әйел былтыр күйеуімен ажырасып кеткен. Айтуынша, 2-топтағы мүгедек күйеуі үнемі өзін және балаларын ұратын болған. сондықтан оған төзе алмапты. Бүгінде бір жасар ұлын бағып отырғанын айтқан әйел жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ екенін жеткізді. Мұндай өмірден шаршадым, сол үшін әкімдікке бардым, дейді. 

«Әкімдікке бардым. Балаларымды қалай асырайтынымды сұрадым. Олар: «Мүмкін ақшаңыз бар шығар, қазір тексереміз», - деді. Мен жылап жіберіп, неге олай дейтінін сұрадым. Олар маған: «Сен жақсылықты түсінбейсің, кет», - деді. Тағы жыладым. Сол кезде бір баламды үйде қалдырып кеткен едім. Екі баламды әкімдікте тастап, біреуімен ауруханаға кеттім. Маған дәрі тамызғыш қойды. Артынша әкімдікке қайтып келгенімде, балаларым отыр. Полиция шақырған екен», - дейді әйел. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкенттік әйелдің екі баласын әкімдікке тастап кеткені хабарланған еді.

Талқылау