Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Азық-түлігің керек емес, үй бер деп айқайлады": Шымкентте ашуланған әйел 2 баласын әкімдікке тастап кеткен

Шымкент қаласының Абай аудандық әкімдігіне жалғызбасты әйел адам екі баласымен бірге келіп, кейін оларды қалдырып кеткен. Жағдайдың қалай болғанын аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Тілеш түсіндіріп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. 

Сурет: Otyrar.kz

Аталған жағдай өткен аптаның жұма күні болған. Әкім сол сәтте түскі асқа шығып бара жатқан екен. 

«Осы келіншектің төменде келіп тұрғанын көрдім. Қолында омыраудағы сәбиі мен жанында екі баласы тұр. Шамамен жастары – 5-6 жас. Жалпы төрт баласы бар екен. Одан не істеп тұрғаны туралы сұрадым. Ол маған пәтер ақысын төлеуге ақшасы жетпей жатқанын айтты», - дейді әкімнің орынбасары. 

Әйел адам одан атаулы әлеуметтік көмектің екінші тоқсанындағы ақшасын алу үшін құжаттарын жылдап тапсыруға көмектесуді сұраған. Нұрлан Тілеш өз кезегінде бұл істі басқа қызметкерлерге тапсырады. Сондай-ақ, әйелдің атаулы әлеуметтік көмек ретінде берілетін 21 мың теңгені алғанын анықтайды. 

«Алғашқы тоқсанда 150 мың, кейін бір рет 170 мың теңге алған. Алайда ол кейінгі тоқсанның ақшасын жылдам түсіруімізді сұрау үшін келген екен. Бұл істі қыздарға тапсырып, өзім түскі асқа кеттім», - дейді Тілеш. 

Кейін әкімнің орынбасары үйінде отырған кезде оған әріптестері хабарласып, әйелдің әкімдікке екі бірдей баланы тастап кеткенін айтқан. Мұнымен қатар, әкімдікке ішкі істер органдары мен прокуратура да келіп үлгеріпті. 

«Төменге түссем әлгі жалғызбасты ана тұр. Ол өз кезегінде 30 мың теңгеге пәтер жалдап тұратынын және соның жартысын өтеуге ғана жағдайы жететінін айтты. Ал біз қолдан келген көмекті аямайтынымызды айттық. Сұраған азық-түлігін алып беруге де келістік. Кейін әлгі әйел өзінен өзі көтеріліп, маған ақшаң да, азық-түлігің де керек емес, үй бер деп айқайлап кетті», - дейді Нұрлан Тілеш. 

Талқылау