Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мұндай эмоция болады деп ойламадым": Америкада алғаш рет робот концерт берді

Аты аңызға айналған Силикон алқабында тарихи оқиға болып, TechFusion Dynamics стартап-компаниясының ұйымдастыруымен алғаш рет робот өнер көрсетті. Шараны тамашалау үшін мыңдаған көрермен стадионға лық толып жиналды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Кtoday.com.ua-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ktoday.com.ua

Бұл бірегей және жаңашыл шоуды тамашалауға мыңдаған көрермен стадионға лық толды. Олардың көргені барлық үміттерінен асып түсті – ең озық технологиялармен жабдықталған робот көрермендерді тек вокалдық қабілетімен ғана емес, нағыз әртістігімен де таңғалдырды.

Концертте сөз алған робот ағылшынша, тіпті сәл британиялық акцентпен тамаша сөйлеп, көрермендерді құттықтады. Одан кейін әр жастағы тыңдармандардың көңілінен шығу үшін таңдалған әр жылдардағы музыкалық хиттерді орындады. Концерттік бағдарламада классикалық рок-хиттер де, заманауи поп-каверлер де болды.

Бұл роботты әзірлеу кезінде заманауи технологиялар, атап айтқанда нақты уақытта мәтін мен музыканы шығаруға арналған нейрондық желілер және роботқа барлық аудио тректерді дәл сол жерде жасау мүмкіндігін беретін Apple M3 Pro чиптері қолданылғаны атап өтілді. 

Сонымен қатар робот TechFusion Dynamics әзірлеген жетілдірілген мотор және жасанды интеллект жүйелерімен жабдықталған. Бұл оның қоршаған ортадағы өзгерістерге және жұрттың көңіл-күйіне сәйкес әрекет ете отырып, максималды дәлдікпен және әсемдікпен қозғалуын қамтамасыз етеді.

Фото: Ktoday.com.ua

Көрермендерді роботтың рэп стиліндегі айтқан өнері ерекше қуантты. Өнерпаз әндерді шебер орындап, материалды көркем жеткізген. Өнер көрсету барысында робот көрермендермен тіл табысып, олардың сұрақтарына жауап берді. Әзілдесіп, тіпті икемі мен ұтқырлығын көрсете отырып, экспромттық мини-шоулар да қойды.

Жиналған қонақтардың қатарында сахнада көргендері туралы пікір білдірген танымал әртістер де болды. Атап айтқанда, Леонардо Ди Каприо бұл жасанды интеллект үшін алға жасалған керемет қадам деп баға берді. Актер оның аудиториямен табиғи қарым-қатынасына таңғалғанын жасырмады.

Ал "Марсиялық" және "Агент Ева" фильмдерінің жұлдызы, актриса Джессика Честейн робот мұндай эмоцияларды тудырады деп мүлдем ойламағанын және болашақ осылардың қолында екенін айтты.

Концерт ұйымдастырушылары мұндай концерттерді жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр. Келешекте мұндай шаралар жергілікті тұрғындардың ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристердің де назарын аударады деп сенеді.

Талқылау