Мұнайдың қымбаттауы бензин бағасына әсер ете ме: Энергетика министрі жауап берді
Энергетика министрі Болат Ақшолақов әлемде мұнай бағасының өсуі Қазақстандағы жанармай құнына әсері туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бізде мұнай бағасы белгіленіп, реттеліп жатқанын білесіздер. Ішкі нарықтағы бағамыздың әлемдік бағаға еш қатысы жоқ. Мұнайдың халықаралық нарықтағы бағасының көтерілуі ішкі нарықтағы бағасына еш қатысы жоқ", – деді Ақшолақов Сенат отырысында.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда халықаралық нарықтағы мұнайдың экспорттық бағасы мен мұнай өнімдерінің ішкі бағасы арасында таза корреляция жоқ.
"Өйткені біз оларды мұнайды өзіміздің өңдеу зауыттарымызда өндіреміз. Егер импорттасақ, тәуелді болатын еді. Бірақ оны өзіміз өндіреміз. Бұл жерде бізде тежеу мүмкіндігі бар", – деп қосты Болат Ақшолақов.
Таразда дәрігерді пациентінің бұрынғы күйеуі ұрып өлтірді деп айыпталды
Марқұмның туыстары күдіктінің бәрі жауапқа тартылуын сұрап отыр
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды