Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұнай базаларындағы және жолдағы АИ-92 бензині мен дизель отынының қоры 14-13 тәулікке жетеді - Министр

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов мұнай базаларындағы және жолдағы АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының қоры 14-13 тәулікке жететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"22 тамыздағы жағдай бойынша мұнай базаларындағы және жолдағы АИ-92 маркалы бензиннің жалпы қоры 180 мың тоннаны құрап, 14 күндік қажеттілікті өтеп отыр. Ал дизельдік отын қоры 220,8 мың тоннаны құрайды, бұл 13 күнге жетеді", - деді Ақшолақов сейсенбі күнгі үкімет отырысында.

Оның айтуынша, мұнай өңдеу зауыттарындағы қор бойынша АИ-92 бензині 71 мың тонна, дизельдік отын 53,4 мың тоннаны құрайды.

"АИ-92 бензині бойынша жағдай тұрақты, магистральдық жанармай құю станцияларының желілерінде шектеу жоқ. Сонымен қоса дизельдік отынды сатуға шектеу қойылды", - деді министр.

Ол 22 тамызда "Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы" бұйрықтың жаңа редакциясы қабылданып, күшіне енгенін атап өтті.



"Бұйрық бойынша бағалар сараланады. Жүргізуші куәлігі болғандай жағдайда тәуліктік лимит Т230-260 литріне қазіргі бағамен 100 литр дизельдік отын болса, жүргізуші куәлігі мен тіркеу куәлігі бар жүк көліктері үшін тәуліктік лимит 300 литр болады. Қалған адамдар үшін сондай-ақ көрсетілген көлемдерден жоғары дизельдік отын 450 теңгемен сатылады", - деп түсіндірді Ақшолақов.

Еске салайық, бұған дейін энергетика министрлігінің Қазақстанда жанармай мен дизель отынына қатысты сараланған тариф енгізу туралы бұйрығы күшіне енген еді

Хабарламаға сәйкес,  Аи-80 89 теңге, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиннің бағасы литріне 187 теңге, Қазақстанның басқа облыстарында литрі үшін 182 теңге, дизель отынының бағасы литріне 450 теңге болады.

Талқылау