Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында жанармайды Өзбекстанға заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігі елден жанарайды заңсыз шығару деректерінің алдын алғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жанармай

Агенттік мәліметіне сәйкес, Павлодар облысы бойынша департаменті жедел-іздестіру іс-шаралары барысында АИ-95 маркалы бензинді ел аумағынан заңсыз әкету әрекетінің жолын кескен.

"Көлемі 280 тонна, құны шамамен 90 миллион теңгені құрайтын жанармай құйылған 5 вагон-цистерна ұсталды. Олар жанармай қоспасы деген желеумен Өзбекстанға алып кетпек болған", – делінген хабарламада.

Мамандардың қорытындысына сәйкес, теміржол цистерналарынан алынған сынамалар – К-4 экологиялық класындағы АИ-95 маркалы бензині.

Талқылау