Мұқасан Шахзадаев "Нұр-Мұқасан" тобының жаңа әншісін соққыға жықты деп айыпталды (видео)

“Нұр-Мұқасан” тобының жаңа қатысушысы Ғалымжан Сүлеймен әлеуметтік желіде топтың экс-әншісі Мұқасан Шахзадаевтың өзін сабап тастағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әншінің айтуынша, Мұқасан Шахзадаев хабарласып, әндерді рұқсатсыз орындағаны үшін сотқа бергенін айтқан. Алғашында келіскенде түсінген еді. Ертесі күні жанындағы күшіктерімен келді. Боқтап, боралаған соң шығып кеттім. Сөйтіп қақпадан шығып бара жатқанда артымнан келіп өзі ұра бастады. Жанындағы екеуі жабылды”, – дейді Ғалымжан Сүлеймен.
Сондай-ақ ол әншінің мас күйде болғанын айтады.
“Оны тіпті қамаған жоқ. Есік алдынан қол бұлғап “білгеніңді істе” деп шығарып салды. 102 мені алып кетті”, – деді өнер иесі.
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі 8 ай өткен соң қайта шаңырақ көтерді
Желі қолданушылардың бірі Зейнел Әділеттің жаңа әйелі марқұмның жақын араласқан құрбысы екенін айтады
"300 мың теңге артық шығарған": Fortebank өз автокассасының кінәсінен қазақстандықтың шотын бұғаттап тастады
Желі қолданушысы банк қателігінен болған жайт үшін неге қиналуы керек екеніне шамданды