Мұқағали Мақатаевқа арнап қойылған ескерткіш қоғам арасында дау туғызды
Алматы облысы Нарынқол ауылында Мұқағали Мақатаевқа орталыған ескерткіш тқрғындарға жақпады. Биіктігі 7,5 метр болатын қоладан жасалған ескерткіш мүсіннің пропорциясына байланысты көптеген дау туды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Блогерлер ескерткішті орнату Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орайластырылғанын айтады. Алайда әлеуметтік желілерде кейбір қазақстандықтар мүсінші Қадырхан Кәкімов адамның стандартты пропорциясын ескермеген, сол арқылы ұлы ақынның шын бейнесін қоладан көрсете алмады деп есептейді.
"Мұқағали ескерткішінің осындай "мойыны қысқа" және "үлкен басты" оспадарсыз кейпін қалай мақұлдап онымен қоймай бекітуге болады? Сонда 62 миллион теңге неге жұмсалды?", – деп блогерлердің бірі Алматы облысының басшылығынан сұрады.
Ескерткішке жұмсалған қаражаттың көлемін Райымбек аудандық әкімдігі растады. Департамент мүсінді орнатуға 61 миллион 826 мың теңге жұмсалғанын түсіндірді. Белгілі болғандай, ескерткіш бойынша жұмыстарды Қазақстанның құрметті сәулетшісі Ақмырза Рүстембеков пен танымалдығы одан кем емес мүсінші Қадырхан Кәкімов жүргізген.
"Халықтың соңғы пікірлерін ескере отырып, қазір арнайы комиссия құрылды. Олар Нарынқолға келіп, бәрін тексереді және өз бағасын береді, ол туралы қосымша хабарлайтын боламыз", – деді Райымбек облысы әкімінің баспасөз хатшысы Қадыржан Сабырақын Sputnik Қазақстанға жауап ретінде.
Мұқағали Мақатаевтың үздік 9 өлеңі: Оларды жатқа білуге тиіссіз