Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхамедсабыр Базарбайұлы мен Дулат Бекбауов Париж олимпиадасының жолдамасына таласады

Мұхамедсабыр Базарбайұлы мен Дулат Бекбауов олимпиадаға жолдама беретін спаррингтік турнирдің финалында жұдырықтасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: TSM

Мұхамедсабыр Базарбайұлы мен Дулат Бекбауов Таиланд астанасы Бангкокте өтетін әлемдік лицензиялық турнирге жолдама беретін спаррингтік турнирдің финалына шықты. 63,5 келіде сынға түскен спортшылар қарсыластарынан басым түсіп, Тайландтағы турнирде өнер көрсету бір табан жақындады. Базарбайұлы жартылай финалда Жандос Қыдырәлиевтің осал тұсын тапса, Бекбауов Серік Теміржановтан айласын асырып кетті. Осылайша екеуі әлемдік лицензиялық турнирге жолдама беретін спаррингтік турнирдің финалына шықты. Финалдық жекпе-жектер ертең болады.

Айта кетейік, бұл салмақтағы Махмұд Сабырханның туған інісі Төрехан Сабырхан Париж олимпиадасына жолдама беретін турнирге қатысу мүмкіндігінен айырылғанын жазған едік. Оның олимпиада ойындарына қатысуға жасы келмегендіктен ХОК лицензиялық турнирге жібермейтінін мәлімдеген еді.  

Талқылау