Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхамедсабыр Базарбайұлы лицензиялық турнирдің ширек финалында жеңіліс тапты

Мұхамедсабыр Базарбайұлы Париж олимпиадасына жолдама беретін лицензиялық турнирдің ширек финалында ұтылып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Мұхамедсабыр Базарбайұлы Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирдің жартылай финалына шыға алмады. 63,5 келіде өнер көрсеткен отандасымыз ширек финалға дейін оңай жеткен еді. Бірақ Мұхамедсабыр ширек финалда тәжірибелі, кубалық Эрисланди Альвареске қарсы жұдырықтасып, төрешілердің “бармақ басты, көз қысты” әрекетінің құрбаны болып, 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Жекпе-жек барысында төреші отандасымыздың жасаған нокдаунын есепке алмай қойды. Осылайша Базарбайұлы жартылай финалға шыға алмады. Дегенмен әлі де жолдамаға таласу мүмкіндігі бар. Ширек финалда ұтылған 4 боксшы өзара жұдырықтасып, бесінші жолдамаға таласады.

Айта кетейік, бұл турнирде жартылай финалға өткен 4 боксшыға лицензия беріліп, 1/4 финалда жеңілген спортшылар өзара қосымша жекпе-жектер өткізу арқылы жолдамаға ие болады. Қазақстан әйелдер құрамасында бір ғана жолдама болса, ерлер құрамасында 63,5 келіде ғана жолдама жоқ. 

Талқылау