Мұхамедсабыр Базарбайұлы әлемдік лицензиялық турнирге жолдама беретін спаррингтік турнирдің жартылай финалына шықты
Мұхамедсабыр Базарбайұлы Таиланд астанасы Бангкокте өтетін әлемдік лицензиялық турнирге жолдама беретін спаррингтік турнирдің жартылай финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұхамедсабыр Базарбайұлы 63,5 келіде Париж олимпиадасына жолдама беретін іріктеу турнирдің жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда Ертуған Зейнуллиновпен жұдырықтасып, үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің екіұдай шешімімен жеңіске жетті. Алғашқы раунд Зейнуллиновтің еншісіне жазылса, қалған екі раундта Базарбайұлы басым болды. Енді ол жартылай финалда Жандос Қыдырәлиевпен жұдырықтасады.
Айта кетейік, бұл салмақтағы Махмұд Сабырханның туған інісі Төрехан Сабырхан Париж олимпиадасына жолдама беретін турнирге қатысу мүмкіндігінен айырылған еді. Оның олимпиада ойындарына қатысуға жасы келмегендіктен ХОК лицензиялық турнирге жібермейтінін мәлімдеді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

