Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұғалімдер жазғы демалыс кезінде МӘМС дәрежесінен айырылып қалады: Оқу-ағарту министрлігі мәселенің шешілгенін айтты

Мұғалімдердің жазғы демалысы кезінде туындайтын МӘМС-ке қатысты мәселесі енді болмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова мәжіліс отырысында оқу-ағарту министрлігінің өкілінен жазғы демалыс кезіндегі мұғалімдердің МӘМС мәртебесі мәселесі қалай шешілетіні туралы сұрады.

"Демалыста жүрген педагогтер МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебені сақтау проблемасына тап болады. Ай сайын жарналардың орнына мұғалімдердің екі айлық демалысы үшін бір төлем ғана аударылады. Мұғалімдер демалысқа шығады, жаз айында МӘМС төлемінсіз қалады. Биылғы тәжірибеге келсек, олар медициналық сақтандырусыз қалмай ма?", – деп сұрады депутат.

Оқу-ағарту вице-министрі бұл мәселе шешілгенін, енді мұғалімдер үшін МӘМС төлемдерін ай сайын бөлек төленетінін айтты.

"Өткен жылы МӘМС төлемдеріне қатысты проблемалар болды. Жалпы еңбек демалысы көптеген мұғалімдерге қатысты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері және денсаулық сақтау министрлігімен бірігіп жұмыс істедік және үлкен жұмыс атқардық. Бізде бір ұстаным қалыптасты. МӘМС ережелерінің анықтамасына сәйкес, түзетулер енгізілді. Мұғалімдердің ай сайынғы төлемі бөлек көрсетіледі", – деді Еділ Оспан.

Еске сала кетсек, "МӘМС туралы" заңға сай жұмыс беруші ай сайын әлеуметтік медициналық сақтандыруға қызметкері үшін аударымдар мен жарна төлеуге тиіс. Бір айда аударым болмаса, қызметкер МӘМС жүйесіндегі сақтандырылған мәртебесінен айырылады. Осыған қарамастан, Қазақстанның кейбір өңірлері мен жекелеген салаларында бұл төлемді айларға бөлмейді және қызметкер медициналық қызмет алуға жүгінген кезде сақтандырылған мәртебесінің жоғалғанын анықтайды. Атап айтқанда, кейбір мұғалімдер, тау-кен кәсіпорындарының қызметкерлері және вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер осындай жағдайға тап болатын.

Талқылау