Музарттық Кенжебек тойда шашын жұлған еркекті итеріп жіберді
Әнші Кенжебек Жанәбілов тойда шашынан тартқан ер адамды итеріп жіберді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Видеодан кадр
Белгісіз ер адамның өнер иесінің шашынан тарқан видеосын әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Кенжебек халықтан болған оқиғаға төрелік етуін сұрады.
“Менің орнымда басқа біреу болса… Кімдікі дұрыс?”, – деп жазба қалдырды ол видео астына.
Бейнежазбаны тамашалаған желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі Кенжебекке ұстамды болуды үйретсе, енді бірі әншіге кедергі келтірген ер азаматтың іс-әрекетін түсінбей әлек.
“Дөрекілік таныттыңыз, өз деңгейіңізді түсіріп қажеті жоқ”, “Көкіректен итермей басқаша жол жасауың керек еді”, “Әртістер мәдиниетті, сабырлы болу керек”, “Әкеңдей адамды итергенің ерсі көрініп тұр”, “Сіздікі дұрыс”, “Сабырлығыңызға ескерткіш қою керек”, “Дардай азамат үшін ұят”, “Дұрыс жасадың”, – деп пікір қалдырды желідегілер.