Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Сәтпаев "Челсидегі" алғашқы голынан кейін клуб туралы видеоның басты кейіпкеріне айналды

Дастан Сатпаев
Фото: Getty Images, instagram.com/hamidsahari

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев "Челси" футбол клубы сапындағы алғашқы голынан кейін танымал карикатурашының видеосының басты кейіпкеріне айналды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ирандық танымал карикатурашы Хамид Сахари футбол тақырыбында көпшілікке кеңінен танылған видеолар әзірлейді. Оның парақшасына 7,7 миллион адам жазылған.

Жуырда ол "Челси" футболшылары мен команданың бас бапкері Хаби Алонсо бейнеленген видеоны жариялады. Видеода команданың көптеген ойыншысы жарақат алып, клубтың жағдайы қиындай түседі. Алайда көп ұзамай бас бапкер өзінің "құпия қаруы" ретінде Дастан Сәтпаевты таныстырады. 

Видеоның соңында Дастан Қазақстанның туымен бой көрсетеді. Видеоны 6,5 миллионнан астам адам тамашалаған.

"Хаби Алонсо мен "Челси" қазақстандық 17 жастағы шабуылшыны таныстырып, баршаны таңғалдырды", – делінген видеоның сипаттамасында.

Еске салсақ, бұған дейін 17 жастағы қазақстандық Дастан Сәтпаев "Челси" сапындағы дебютін ашық матчта жасағаны туралы жазған едік. Сәтпаев  аустралиялық "Вестерн Сидней Уондерерс" командасына қарсы ойынның 6 минутында гол соқты.

Дана Русланқызы
Жұма, 31 Шілде, 2026 21:37