Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұндай жанрды ешкім қолға алған емес: Баян Есентаева мюзикл түсірмекші

Баян Мақсатқызы «СиСиТай» деп аталатын фильмді түсіруді бастап кетті.

Бұл туралы продюсер Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Өзінің айтуынша, бұл тарихи сәт. Өйткені комедиялық мюзикл жанрын соңғы 40 жыл бойы ешкім қолға алған емес.

«Бұл тарихи сәт. Соңғы 30-40 жылда Қазақстанда ешкім бұл жанрда фильм түсірген жоқ. Сондықтан біз бірінші болып көрмекпіз. Меніңше, ерекше жанрдағы туындының кино әлемінде өз орны болады. Сіздрмен бірге болғаным үшін өте бақыттымын. Мұнда нағыз талантты, ерекше туынды жасайтын жандар жүр. Бәріне сәттілік, сабырлық, махаббат тілеймін. Өйткені, түсіру алаңы – ерекше орын», – деп жазды Баян Мақсатқызы.

Фильм режиссері Ернар Нұрғалиев. «СиСиТай» Shine production продюсерлік орталығының 12-жобасы.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Бесбаевқа хат жазды

12 жыл бірге болдық: Илья Ильин әйелімен ажырасқаны жайлы айтып берді

Сен кімсің маған адамгершілік туралы айтатын: Таразда басшыны видеоға түсіріп алды

Талқылау