Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мүмкін, жемқорлардың ақшасын жұмсармыз": Мәжілісте тұрғын үй кезегін қысқарту мәселесі дау тудырды

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев жемқорлардың ақшасына баспана салуды ұсынды. Оның айтуынша, үй кезегіне тұратын азаматтардың саны жыл сайын 200 мыңға дейін өсуде.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: parlam.kz

Мәжілістің жалпы отырысында сөз сөйлеген өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін мейілінше тездетіп шешуге уәде берді. 

Ал, депутат Елнұр Бейсенбаев министрге республикада тұрғын үй кезегіне тұратындар саны жыл сайын шамамен 200 мың адамға өсіп, қазір 640 мың азаматты құрайтынын айтты. Мемлекет жыл сайын 9-10 мыңдай ғана пәтер береді.

"Бүгінде елімізде бірде-бір мемлекеттік ипотекалық бағдарлама жоқ. Біз заңнаманы жетілдірдік, бірақ кезек күту мәселесі шешілген жоқ және қазіргі тәсілдермен біржақты шешу мүмкін емес. Жақын арада бұл мәселені шешудің нақты жолдары бар ма? Біз республикалық бюджет шеңберінде қосымша сомаларды қарастырамыз ба? Мүмкін, сыбайлас жемқорлардың ақшасын осыған жұмсармыз?" – деді мәжілісмен министрге.

Шарлапаев халықтың әлеуметтік осал топтары үшін "Отбасы Банк" – "Бақытты отбасы" ипотекалық бағдарламасы бар екенін еске салды.

"Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін бізде 2 пайыздық жеңілдікті несиелер бар. Бағдарламалар жоқ деу дұрыс болмас. Бұл көп балалы отбасылар, I және II топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүгедек балалары бар отбасылар. 32 миллиард теңге, бұл 3200 несие. Егер сіз халықтың әлеуметтік осал топтарының бөлінуіне қарасаңыз, кезек тұрғысынан бұл жоғары пайыз. Мүгедек балалары бар отбасылар саны-25 мың. Бұл шешілетін мәселе", – деді Қанат Шарлапаев.

Депутат жауап ретінде тұрғын үй кезегінде 254 мың халықтың әлеуметтік осал тобының өкілі бар екенін айтты. Бейсенбаевтың айтуынша, бұл бағдарламамен тұрғын үйге мұқтаждарды қамту көрсеткіші шамамен 1,5%-ды құрайды.

 

Талқылау