Мұхтар Шаханов Оразалинді «Қоразалин», Оразалин Шахановты «Шакалов» деп атады
Құрылтайда сөз алған ақын Мұхтар Шаханов Нұрлан Оразалинді “Қоразалин” деп атады.
-Оразалин ұлттық мүддеге келгенда Қоразалин болды. Тауықәлин, Шөжалиннің деңгейінде самғады. Ол биліктегі басшылардың туфлиін шеберлікпен жалады. Оның еңбегі сол. Бұл да қазіргі кезеңнің үлкен өнері, – деді Мұхтар Шаханов.
Ақын әдеттегідей өлең оқыды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Оразалинді Қабдеш Жұмаділов те сынаған еді.
Нұрлан Оразалин өзін сынағандарға жауап берді.
“Жиналысқа келмей сырттан тон пішу, өзін жазушылар одағынан жоғары қоятын ұлылықтың ауруымен ауырған адамдардың ғана қолынан келетін нәрсе. Ұйқасты мен де сізге айтайын, Маған екі, үш жыл бұрын хат келді. “Шаханов, Шакалов” деген. Сіздер елді сыйлаңыздар, ағайын. Менің әкемде, менің атамда ешқайсыңыздың шаруаларыңыз болмасын. Осы менің екі ағама берген жауабым, – деді Нұрлан Оразалин.
Тағы оқыңыз:
Жалаңаштанып суретке түскен Жанар Дұғалова елдің сынына қалды (фото)
Алдағы күндері елімізде қайта күн суытады
ОҚО тұрғыны тырнаны атқан мергенді құстың киесі ұрғанын айтып берді
Психолог: Енелердің бір қателігі келіннің жақсы-жаман болуын баласынан көрмейді