Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхтар Әблязов Ұлыбританияда емін-еркін жүруі үшін ұлына миллиондап ақша аударған

Мұхтар Әблязов ұлына Ұлыбританияда  тұруға рұқсат беретін визаны сатып алып берген. Баласы Тұманды альбионда 10 жылға дейін емін-еркін жүруі үшін қашқын банкир миллиондап ақша төлеген. Бұл туралы The Guardian басылымына сілтеме жасап КТК арнасы хабарлады.

050717 ablyazov

Олигарх 2008 жылы-ақ ұлының шотына 1 миллион фунт яғни 420 миллион теңгеден астам қыруар ақша аударған. Сол уақыттан бастап банкирдің баласы Мадияр Әблязов Ұлыбритания экономикасына инвестиция салуы мүмкін бай-бағлан ретінде өмір сүрген. Бірақ, миллиондардың қандай жолмен келгенін сол жақтың құзырлы органдарын қызықтырмаған сыңайлы. Енді әшкерелеуші материалдан соң Мадияр Әблязовтың басына қара бұлт үйрілуі мүмкін. Ал қашқын банкирдің өзі қазір Францияда. Ол ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, өзгенің мүлкін заңсыз иемденді, жалған құжат жасады деген айыптармен сырттай 20 жылға сотталған болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Елбасы: Адамдардың көңіл-күйі жақсы, өздерін қауіпсіз сезінеді

Елбасы Астананың көрнекті жерлерін аралап, халықпен тілдесті (фото)

Қазақстандықтар аптаған ыстықта адамдарды тегін тасуға шақырылды

Қостанайда 8 жасар бала жоғалып кетті

Талқылау