Мүмкіндігі шектеулі балаларға ұлттық қордан ақша төлене ме – Қаржы министрлігі жауап берді
“Ұлттық қор балаларға” жобасына 18 жасқа толмаған мүгедектігі бар балалар кіреді ме? Бұл сұраққа қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ОКҚ
Ұлттық қор балаларға жобасына кәмелетке толмаған мүмкіндігі шектеулі, әсіресе ауыр дертке шалдыққан балалар да кіреді ме? Мұндай санаттағы балаларға мемлекет әлеуметтік жәрдемақы төлеп отырған соң, ұлттық қордағы ақша ол балаларға есептелмей қоймай ма?”. ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында вице-министрге Stan.kz тілшісі осылай деп сауал жолдады.
Министр орынбасары балаларды бөліп жармайтынын айтты.
“Осы бағдарламаға барлық 18-ге толмаған балалар қатысады. Ешқандай санаттарға бөлінбейді. 18 жасқа толмаған балаларға бірыңғай құқық беріледі. Инвестициялық табыстың 50 %-ы теңдей барлығына бөлінетін болады”, – деді вице-министр Дәурен Темірбеков.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады