Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алты жыл абақтыда отырып шыққан соң: Муаммар Каддафидің ұлы Ливияның президенті болуға өзін ұсынды

Тақтан тайдырылған Ливия көшбасшысы Муаммар Каддафидің екінші ұлы Сейф әл-Ислам өз кандидатурасын желтоқсан айының соңында елде өтетін президенттік сайлауға ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC агенттігіне сілтеме беріп.

49 жастағы Сейф әл-Ислам негізінен қоғаммен байланыс, дипломатиямен қарым-қатынас орнатумен айналысқан. Ол әкесінің жақын араласатын адамдар қатарына кірген.  Бір кездері ол Каддафидің ресми қызметке орналасу туралы ұсынысын көпшілік алдында қабылдамаған еді, бірақ іс жүзінде ол премьер-министр қызметін атқарған болатын.

Ливия лидері құлатылғанға дейін ол оның мұрагері болып саналды. Сейф әл-Ислам Каддафи 2011 жылы әкесіне қарсы көтерілісті  басуға қатысты. Гаагадағы халықаралық трибуналдың әлі күнге дейін оны адамзатқа қарсы екі қылмыс: кісі өлтіру және қудалау бойынша қамауға алуға рұқсаты бар.

Кандидат ретінде тіркелу кезінде Сейф әл-Ислам камераның алдында дәстүрлі ливиялық киіммен шығып, Құранның үзіндісін келтірді: "Біз бен халқымыз арасындағы төрелікті айт, өйткені сен соттардың ең үздігісің”. Оның үндеуі әлеуметтік желілерде тараған.

Каддафидің кезінде Сейф әл-Ислам журналистер алдына әдетте батыс стилінде шығатын. Ол батыста білім алып, 2005 жылы швейцариялық тәуелсіз коммерциялық емес ұйым әлемдік көшбасшылардың жаһандық форумының мүшесі болды. Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг, Google негізін қалаушы Сергей Брин, сондай-ақ Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джакинда Арден, Франция президенті Эммануэль Макрон бұрындары осы форум мүшесі болған.



Сарапшылардың кейбірі Ливиядағы режимнің либералдануына Сейф әл-Исламның көмегі болады деп үміттенген. 

Алайда Муаммар Каддафидің өлімінен кейін Сейф әл-Ислам да тұтқындалып, ресми режимнің көтерілісті басу әрекеті кезінде жасаған қылмыстары үшін өлім жазасына кесілді. Ол 6 жыл темір тордың ар жағында отырды. Кейінірек оған қатысты өлім жазасы алынып тасталды. Гаагадағы трибунал оны әлі де ресми күдікті деп санаса да, ол біртіндеп Ливия саясатына орала бастаған.

Жақында New York Times газетіне берген сұхбатында Сейф әл-Ислам әкесінің дәуірлеген кезін сағынған сәт шегіне жеткенде елді біріктіре алатынына сенім білдірді. Ливиядағы көптеген адам сияқты, ол Муаммар Каддафидің саясатын ақтайды.

"Олар елді “зорлады” – тізе бүктірді. Енді ақша, қауіпсіздік жоқ, демек өмір де жоқ. Қазір жанармай құю станциясына барсаңыз, дизель таба алмайсыз. Біз мұнай мен газды Италияға экспорттаймыз, елдің жартысын жарықпен қамтамасыз етеміз. Ал өз отанымызда жарық жоқ. Бұл жай жеңіліс емес, бұл – фиаско",  – деді Каддафидің ұлы 2011 жылғы революция туралы.

BBC-дің мониторинг бөлімінің қызметкері Амир Фаталла Каддафи ұлының саясатқа келуіне қатысты пікірлер қарама-қайшы екенін айтады. Соған қарамастан оның президенттікке үміткер болуға сұраныс білдіргені ешкімді таңғалдырған жоқ. Себебі ол соңғы уақытта қарқынды түрде Ливия саясатына қайта оралуға ниеттеніп жүр. 

Таяу Шығыстағы шолушы Себастиан Ашер оның 2011 жылғы көтерілісті басуға тырысуы халық санасынан әлі жойыла қойған жоқ, сондықтан сайлауда жеңіске жете қоюуы екіталай. Оның үстіне, оның кандидатурасы қарапайым сайлау процесін одан әрі қиындата алады.

Ливия әскери прокуроры сайлау комиссиясынан Каддафидің ұлының сайлауға қатысуын тоқтата тұруды ресми түрде сұрағанын айтты.

Елдің шығысы мен батысындағы саяси және әскери топтар жүргізген ұзақ мерзімді азаматтық соғыстан кейін Ливияны қазіргі уақытта Уақытша үкімет басқарады. Алайда саяси жағдай өте тұрақсыз болып отыр, әртүрлі фракциялар арасында сайлау тәртібі мен оларды өткізу уақыты туралы айтарлықтай түсініспеушіліктерді тудырады.

Сейф-әл-Исламнан басқа, президент сайлауына генерал Хафтар, қазіргі премьер-министр Абдель Хамид Дбейба және парламент спикері Иса Агила Салех қатысады.

Айта кету керек, бірқатар құқық қорғау ұйымдары Ливиядағы сайлаудың еркін, демократиялық түрде өтетініне күмән білдірді. 

“Ливияға қазіргі жағдайдан шығу үшін сайлау қажет”, – деді "Аль-Джазира" телеарнасына Human Rights Watch құқық қорғау ұйымының өкілі Ханан Салах.

Талқылау