Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Моторлы қайық әйелдің бір қолы мен басын жұлып кеткен: 17 жастағы депутаттың ұлы күдікке ілінді

Моторлы қайықтың астына түскен әйелді өлтірді деген күдікпен Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаты Валерий Крыловтың 17 жасар ұлы ұсталды. Бұл туралы марқұмның туыстары жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

орал

Күдікті сәрсенбі күні кешке, 5 тамызда ұсталды, қазір ол уақытша ұстау изоляторында, деп жазады "Мойгород"  басылымы.

"Онымен бірге қайықта белгілі кәсіпкердің қызы болған. Алайда ол қалада емес, Лондонға виза алу үшін Алматыға барған. Оған аса ауыр қылмысты жасырды деген айып тағылды. Ол бүгін, 6 тамызда Орал қаласына ұшып келуі керек еді", - дейді Людмила Ермекқалиева.

Оның айтуынша, катерлердің сараптамасы аяқталған. Нәтижелер бойынша Крыловтың қайығы қанға былғанғаны белгілі болды деп қосты ол. Облыстық мәслихаттың депутаты Валерий Крылов БАҚ-тың ұлын ұстағанын растады. Ол оның кінәсіздігіне сенімді.

"Шын мәнінде, жағалауда көптеген қайықтар болды, барлық қайықтарды сараптамаға алды, тергеу жүріп жатыр. Тергеу менің ұлымды кінәлауға тырысатыны сөзсіз. Ешқандай дәлел жоқ. Бұл іс аяқталып, барлығы анықталатынына сенімдімін. Менің ойым - ұлым кінәлі емес", - дейді Валерий Крылов.

Ұлының қылмыскер атанғанын мойындағысы келмеген әкесі тергеу кінәлілерді табады деп үміттенеді.

"Егер іс сотқа жетпесе, онда кінәлілерді - осы қайғылы оқиғаға қатысы бар адамдарды тауып, біздің соңымыздан ергенді қояды деп үміттенемін. Мен ұлыма сенемін, біз соңына дейін барамыз. Біз біреудің кінәсін өз мойнымызға ала алмаймыз. Менің ойымша, бәрі шешіледі. Уақытша мәселе", - деді Крылов.

Сонымен қатар, ол сарапшылардың қайықтан қан тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Өз кезегінде Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғандығы туралы түсініктеме берді.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 6 маусымда Оралда болған. Әйел Шаған өзенінде жүзіп жұріп, моторлы қайықтың астына түсіп кеткен. Соққы әсерінен бір қолы мен басы жұлынып кеткен. 

Куәгерлер қайықтың жоғары жылдамдықпен өтіп кеткенін айтыпты. Қайық тоқтамай оқиға орнынан қашып кеткен көрінеді. "Қозғалыс қауіпсіздігі немесе өзен көлігін пайдалану ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы бап бойынша кінәсін мойындаған жағдайда үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру немесе жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі бар.

Талқылау