Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Моншадағы отырыста көз жұмған ресейліктердің соңғы минуттағы видеосы жарияланды (видео)

Ресейлік блогер Катерина Диденконың туған күніне орай ұйымдастырылған монша кешінде көз жұмған үш адамның өлер алдындағы бірнеше минут бұрын түсірілген видео жарияланды. Тиісті кадрлар Telegram-Life Shot арнасын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

мұз

Куәгерлердің айтуынша,  химиялық қорғау киімдерін киген кеш қонақтары құрғақ мұзды бассейнге лақтырып, кейін оған секірген. Видеодан "ол қайтыс болды! Осымен бәрі бітті", - деген қонақтардың әзілдері естіледі.

28 ақпан күні кешке Диденко Мәскеудің оңтүстігіндегі монша кешендерінің бірінде 18 адамға туған күнін жасап береді. Кеш қызған сәтте бассейнге 30 килограмм құрғақ мұз төккен. Ол үш адамның өмірін жалмауға себеп болған. Қайтыс болғандардың ішінде Катеринаның күйеуі Валентин де бар. Екі қонақ химиялық күйік алды, оның ішінде Катеринаның жүкті қарындасы Анна Диденко бар.

Дәрігер-терапевт Надежда Чернышова оттегінің жетіспеушілігінен қайтыс болғанын түсіндірді. Бассейнде мұздатылған көмір қышқылын білдіретін құрғақ мұз газ тәрізді болып, адамдар дем алып, есінен танып қалған.

Көңіл көтеріп жатқанардың не үшін құрғақ мұзды пайдаланғандары әлі анықталып жатыр. Ал РИА Новости дереккөзінің айтуынша, демалып жатқандар судың тым жылы болып кеткендіктен құрғақ мұзды пайдаланған.  Тағы бір болжам бойынша, құрғақ мұз су үстінде тұман сияқты әсер беруі керек еді.

 

Талқылау