Моңғолияда пластиктен жасалған құрастырмалы киіз үй ойыншықтар сатылымға шықты
Моңғолиялық «Naad» бренді пластикалық ойыншық киіз үйлерді сатылымға шығарды.
Бұл туралы Gogo хабарлайды.
“Мұны келер ұрпаққа мұра етіп қалдыру үшін және көшпенділер мәдениетін бүкіл әлемге тарату үшін «Naad» брендінің негізін қалаушылар үш жыл бойы зерттеу жүргізіп, осы айдың басында алғашқы өнімдерін шығарды. Бұл пластикадан жасалған ойыншықтар MiMo деп аталады”, – деп жазады басылым.
MiMo – бұл киіз үйдің 11 есе кішірейтілген нұсқасо 225 элементтен тұратын оның салмағы 900 грамм. Ол тамақ өнімдері, кигіз, мақта, жіп үшін қолданылатын қауіпсіз пластикатен жасалған. Ойыншықтың қорапшасы халықаралық стандартқа да сәйкес келеді.
“Моңғолияға келген әрбір шетелдік турист киіз үйге кіргісі келеді. Олар мұның қалай құрылатынын таңғалады. Сол себепті біз ойыншық-конструктор құрастырығымыз келді. Біздің мақсатымыз – тек сату емес, көшпенділер мәдениетін таныту”, – дейді «Naad» брендінің негізін салушы Саиханбаяр.
Оқи отырыңыз:
Coca-Cola компаниясы 1,2 мың қызметкерін жұмыстан босатпақ
Түркияға бет алған ұшақ бортында сәби дүниеге келді (фото)
Бішкекте келіншек ЭКО көмегімен үшемді дүниеге әкелді
Қытайда сәбиге мұсылман дініне қатысы бар есімдерді қоюға тыйым салынды