Моңғолия президенті саммитке қатысу үшін Астанаға ұшып келді
Ухнаагийна Хурэлсуханы елордалық әуежайда премьер-министрдің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев қарсы алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Үкімет
Моңғолия басшысы да Астанада өтетін ШЫҰ-ның екі күндік саммитіне қатысады.
Моңғолия – 2004 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымында бақылаушы мәртебесін алған алғашқы мемлекет. Сол кезде бірлестік географиялық тұрғыда кеңейе түсті, бұл ШЫҰ-ның халықаралық беделінің артуына дәлел болды.
Қазақстан-Моңғол ынтымақтастығы аясында дәстүрлі достық саяси қатынастардан басқа, сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимыл екіжақты ынтымақтастықтың берік негізі екенін атап өткен жөн. 2023 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 133 миллион долларға өсті. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 27,7% жоғары.
Бұған дейін Алматыға БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш мемлекеттік сапармен келген еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"