Моңғолия парламентіне қазақ басшы болып сайланды
Моңғолияда парламент сайлауы өтіп, нәтижелері жарияланды. 2020 жылы сайлау нәтижелері бойынша тағайындалған жаңа депутаттар жақын арада ант береді. Қандасымыз Моңғолияның құрылыс және қала құрылысы министріне ұсынылған еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Парламент туралы заңда көрсетілгендей, бірінші сессияны 76 депутаттың ішіндегі ең қарт мүше басқарады. Сондықтан бірінші сессияны Баян-Өлгей аймағынан сайланған 66 жастағы Бәделхан Қабдісіләмұлы басқарады", - делінген ресми ақпаратта.
Министр атанған Бәделхан Қабдісіләмұлы бұған дейін Баян-Өлгей аймағының әкімі, парламент мүшесі, өнеркәсіп министрлігінің вице-министрі қатарлы лауазымды қызметтерді атқарған. Бәделхан Қабдісіләмұлы Моңғолияда 21 жылдан кейін министр атанып отырған қазақ азаматы екені айтылған жергілікті басылым беттерінде.
Бәделхан Қабдісіләмұлы 1954 жылы туған. Ол - жаңа парламенттің ең жасы үлкен спикері.
Қазақстандағы ең қымбат ТОП-10 қонақүй: Бір түннің құны қанша
Қазақстандағы ең қымбат қонақүйлердің бірінде бір апта демалу құны - 2,8 миллион теңге.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр