Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Су жаңа iPhone 12 ұтып алу мүмкіндігі: Homebank мобильді қосымшасын пайдаланудың артықшылықтары

Бүгінгі күні жаңа технологиялар қызмет көрсету аясын кеңейтіп, банк пен клиент арасындағы байланысты әлдеқайда жеңілдетті. Қазір мобильді банкинг арқылы депозиттерді, шоттарды, қызметтерді планшеттен, смартфоннан тіпті қарапайым телефоннан басқару мүмкіндігі бар. Бұл уақыт үнемдеп, қажет болған жағдайда қаражатты дұрыс пайдаланып, барлығын бір жерден басқарып отыру үшін тиімді.

Хомбанк

Мобильді банкинг қызметін барлық банктер тегін ұсынады. Яғни, қолданушы қажетті операцияларды артық төлемсіз, комиссиясыз жүзеге асыра алады. Мобильді банкингті қолданудың бірқатар артықшылықтары бар. 

Жеке деректерге қашықтан қол жеткізу

Ұялы телефоныңыз болса, баланс және банктік парольдер туралы ақпаратты SMS арқылы алу мүмкіндігі бар. Оған қоса, кейбір банктер шоттағы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін арнайы бағдарламаларын ұсынады. 

Жеке деректердің жоғары деңгейде қорғанылуы

Барлық электронды банктердің операциялары ерекше қорғалған. Яғни, мобильді банкинг арқылы жасалған ақша аударылымдары әлдеқайда қауіпсіз болады.   

Интернетіңіз болмаса, шот нөміріңізге қатысты ақпараттарға қол жеткізу мүмкін болмайды. Осылайша мобильді банкинг деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Оған қоса, мобильді банкингке арналған арнайы құпия сөз болғандықтан, жеке деректерді сізден басқа ешкімнің көру мүмкіндігі болмайды. 

Қызметтердің ауқымдылығы

Картаңызды жоғалтып алған жағдайда оны мобильді банкинг арқылы тез арада бұғаттап, қаражатыңызды сақтап қала аласыз. 

Электронды әмияндар мен шоттарды, депозитіңізді толтырып, онлайн сауда-саттықты комиссиясыз жасауға да мүмкіндігіңіз болады. Оған қоса, комуналдық төлемдерді де төлеуге, айыппұлдарыңызды бақылап, салықтарды да өтей аласыз.

Тиімді ұсыныстар 

Мобильді банкингіңіз болса, жасаған төлемдеріңіздің белгілі бір пайызы картаға түсіп отырады, банктер ұсынатын акциялар мен арнайы бонустарды да ала аласыз.

Мәселен, Halyk Bank ұсынатын Homebank мобильді қосымшасы арқылы коммуналдық, мобильді төлемдер жасап, салық пен айыппұлдарды өтеп, әуе-теміржол билеттерін сатып ала отырып, әр төлемнен 1% бонусқа ие боласыз. Homebank-те 5000-ға жуық қызмет орындауға болады. 

Сіз осы уақытқа дейін Halyk Banк клиенті болмасаңыз, банк бөлімшесіне бармай-ақ Homebank мобильді қосымшасын жазып алып, сол арқылы кез келген қызметке қол жеткізе аласыз. Қосымша арқылы онлайн түрде картаға тапсырыс берсеңіз, оны үйіңізге дейін жеткізуге болады. Оған қоса, виртуалды карта алу мүмкіндігі де қарастырылған. 

Ең ыңғайлысы, Homebank мобильді қосымшасымен 6 000 000 теңгеге дейін онлайн-несие рәсімдеуге болады. Сонымен қатар, басқа да қызметтерге QR код арқылы төлем жасай аласыз. Сондай-ақ, қосымшаның көмегімен Банктің серіктес дүкендерінен 24 айға дейін бөліп төлеуге зат алуға болады. Әсіресе, Жаңа жыл қарсаңында бұл ұсыныс қазақстандықтар үшін тиімді болмақ.

Ал қазіргі уақытта Halyk Bank өз пайдаланушылары үшін таптырмас мүмкіндіктер ұсынуда. Солардың бірі Homebank мобильді қосымшасын қолдану арқылы сіз апта сайын ойнатылатын iPhone 12 телефонының ұтысына қатыса аласыз. Ол үшін бар болғаны Homebank мобильді қосымшасын жазып алып, мобильді нөмір арқылы төлем жасап немесе ақша аударымдарын орындасаңыз жеткілікті. Ақша аударымы мен мобильді банкинг арқылы төлем жасау саны қаншалықты көп болса, iPhone 12 алу мүмкіндігіңіз жоғары болады. 

Кез келген адам жеңімпаз атана алады. Ұтыс Halyk Bank-тің әлеуметтік желідегі парақшаларында апта сайын барлық аударымдар мен төлемдердің арасында ойнатылады. Толық ақпаратты Банктің сайтынан оқуға болады. 

Талқылау