Мысырда ұсталған қазақстандық студенттер елге қайтарылатын болды
Қазақстандық дипломаттар қазақстандық студенттерді елге жеткізу үшін Каир әуежайына алып келді.

Бұл туралы бүгін өзінің желідегі парақшасында ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлім етті.
“Қазақстандық 6 студентті елге жеткізу үшін Каир әуежайына алып келді. 1 тамыз күні Мысры елінің ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан елшілерімен хабарласып, студенттердің бәрі елге оралатынын хабарлаған еді. Олар әуежайға келіп қазақстандық студенттермен кездесті. Алайда оларды не себепті ұстағаны айтылған жоқ. Елдегі құқық қорғау органдары оған қатысты қосымша хабарлайтынын мәлімдеді”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Каирге Араб тіл үйрену үшін барған алты отандасымызды Мысырдың қауіпсіздік қызметінің өкілдері қамауға алған болатын.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған