Мысырда қазақстандық туристері бар автобус аударылып қалды – БАҚ
Мысырда Рас-Сидр қаласында автобус аударылып, салдарынан 41 адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Cairo24.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Зардап шеккен 41 адамның ішінде үш қазақстандық турист бар екен.
Мысыр ақпарат құралдары Рас-Сидр қаласының маңында туристік автобус апатқа ұшырағанын хабарлады.
31 адам Ресей мен Украинадан келген туристер. Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, зардап шеккендер:
- Қазақстаннан үш турист;
- Әзірбайжаннан үш турист;
- Төрт жергілікті тұрғын.
Әзірге әрбір адамның денсаулық жағдайы туралы нақты ақпарат жоқ. Жаралылар ауруханаға жатқызылды.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен