Мысыр қазақстандықтардың Газа секторынан шығуына кедергі келтірді деп айыпталуда
Палестина-израиль қақтығысының шиеленісуі көптеген бейбіт тұрғындардың, соның ішінде қазақстандықтардың Газа секторынан шыға алмай қалуына әкелді. Израиль Сыртқы істер министрлігі бас директорының Еуразия және Балқан елдері бойынша орынбасары Симон Гальперин мұның немен байланысты екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Wikimedia
Оның айтуынша, Сыртқы істер министрлігі Газа секторында жүрген қазақстандықтардың тізімін алған. Сондай-ақ Гальперин Израильдің Газа секторынан адамдардың шығуына "ешқандай қарсылығы жоқ" екенін жеткізді.
“Мәселе мынада, Газадан шығудың жалғыз жолы Мысыр арқылы. Олар үш апта бойы шетелдіктердің Газа секторынан шығуына рұқсат бермеді. Екінші мәселе – 500-600 адамнан аспайтын жол жүру шектеулері", - деді ол.
Израиль Сыртқы істер министрлігінің өкілі атап өткендей, Газада мыңға жуық шетелдік бар.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Газа секторында 76 қазақстандық, яғни отбасы мүшелерімен бірге 161 адам бар екенін айтқан болатын.
Талқылау
"9 жаста етеккірі келіп, мастурбация жасайды": Қазақстандық ата-аналар балаларындағы ерте жыныстық жетілу белгілеріне алаңдаушылық білдірді
Маман: “Ата-аналар баласының желіден не көріп жүргенін бақыламайды”
"Қандай жанталасты бастан кешкенімді сөзбен түсіндіру мүмкін емес": Қатерлі ісікті 3 рет жеңіп шыққан қазақстандық әйелдің оқиғасы көпті шабыттандырады
Өміріндегі ауыр сынақты еңсерген әйел енді өзгелерге сырқаттан айығуға көмектеседі