Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басы мен аяғы кесілген": Желіде Шымкенттегі жануарларды ұстау бөлімшесінде қатыгездікпен өлтірілген мысықтардың суреті таралды

Оңтүстік Қазақстан облысы Еңбекші ауданындағы Бадам тұрғын алабында орналасқан қаңғыбас жануарларды аулау орнында сұмдық жайттар орын алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандағы жануарларды қорғау қауымдастығы Instagram парақшасында Шымкентте басы мен аяқтарын шауып тастаған ондаған мысықтың суреттерін жариялады. Сонымен қатар қатыгездікпен өлтірілген мысықтардың бірнеше суреті таралды.

Тұрғындар бұл мәселеге әлемдік БАҚ-тардың назар аударуын сұрап, Қазақстанды қорғансыз жануарлардың құқықтары қорғалмайтын қаскөйлер елі деп атады.

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов болған оқиғаны объективті және құқықтық бағалау үшін тиісті органдар өкілдерінің қатысуымен арнайы комиссия құруды тапсырған.

Тексеру барысында комиссия мүшелері бірқатар бұзушылықтарды анықтады. Ауру жануарлармен сауларды бір жерде ұстаған әрі жануарлардың өлекселері уақытында шығарылмаған.

​"Қазіргі уақытта тиісті іс-шаралар жүргізілуде. Жағдай комиссияның бақылауында", – делінген хабарламада.

Талқылау