Балконнан құлап кете жаздаған баланы құтқарған мысық желі қолданушыларын таңғалдырды (видео)
Үй мысығы балкон қоршауының үстіне шығып бара жатқан балаға кедергі келтіріп, оны құтқарып қалды. Оқиғаның видеосын Твиттерге Үндістанның орман қызметі офицері Судха Рамен жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кадрлардан кішкентай баланың балкондағы қоршауға шығып бара жатқанын көруге болады. Баланың жанында тұрған мысық, оның қолын аяғымен кері итеріп, қоршауға шығуға мүмкіндік бермейді.
Видео желіге жүктелгеннен кейін180 мыңнан астам көрілім және 21 мыңнан астам лайк жинады. Әлеуметтік желі қолданушылары мысықты баланы қорғаған періште деп атаған. Олардың көпшілігі видеоны түсірген баланың әкесін сынға алды.
"Бастапқыда мысық баланың әкесіне белгі бергендей, бір нәрсе сұрағандай қарайды", - дейді пікір білдіргендердің бірі.
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ
2023 жылы тамызда жолдың такси қызметі үшін ашылуы қоғамда наразылық туғызды
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"