Минус 28℃-қа дейін аяз, қатты жауын-шашын: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазгидромет алдағы үш күнде Қазақстанда қатты жауын-шашын болады, термометр -28 градусқа дейін төмендейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік жартысы Солтүстік-батыс антициклонның ықпалында қалады, осыған байланысты ауа райы аязды, көбіне жауын-шашынсыз болады.
"Түнде термометр бағаны 20...28 градус аязға дейін жетеді. Елдің оңтүстік жартысына Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, жел күшейіп, көктайғақ болады және ауа температурасы күндіз 0...+10 градусқа дейін, түнде 0...-10 аязға дейін төмендейді деп болжанып отыр", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ синоптиктер республика бойынша тұман түсуі мүмкін екенін ескертті.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі