Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министрлік Қазақстанның орталығындағы 30 шақырымдық автобанның қайда жоғалып кеткенін түсіндірді

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің автомобиль жолдары комитеті Нұр-Сұлтан-Павлодар автобанының "жоғалып кеткен" шақырымдарына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін автожолдың белгіленген шамадан 30 шақырымға аз екені туралы айтылған болатын. Бір шақырым жол жасауға орта есеппен 350-400 миллион теңге қаржы қажет екенін ескерсек, бұл жетпей қалған шақырым 12 миллиард теңге кетеді.

Автомобиль жолдары комитеті республикалық маңызы бар жолдардың жүрісі Парламент ғимаратынан есептелетінін және "жоғалған километрлер" туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіндігін түсіндірді.

"Елордадан Павлодар қаласына дейінгі нақты қашықтық 415 шақырымды құрайды. Жол учаскесінің басына дейін 16 шақырым. Оған қалаға кіретін басқа жолдар да қосылады. Осылайша, Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолының жалпы ұзындығы 431 шақырым", - деп жауап берді баспасөз қызметі.



Сонымен қатар, мамандар көліктердегі есептеу құралдарының дұрыс емес екенін айтты.

"Көлік құралдарына орнатылған барлық типтегі одометрлер дәл аспаптар класына жатпайды. Мысалы, механикалық одометрдің өзіндік қателігі бес пайызға дейін жетеді. Көліктің жұмыс жағдайына, тетіктер мен тораптардың тозуына, стандартты емес қосалқы бөлшектерді пайдалануға байланысты құрылғының жалпы қателігі 12-15 пайызды құрайды. Жолдардың жүрісі қашықтықты өлшеуге арналған нақты кәсіби жабдықтармен жылжымалы жол зертханаларында есептеледі", - деп түсіндірді департамент.

Талқылау