Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында 40 жолаушысы бар автобус аударылды (видео)

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы аударылды, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облысының ПД сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Новодолинский кентінің маңындағы автожол бойында болды. №121 Автобус жеңіл көліктің кесірінен жол шетіне шығып кеткен. 

Апат кезінде қалааралық автобус салонында 40 жолаушы болған. Полицияның мәліметінше, автобусқа 29 жастағы Mercedes-Benz жүргізушісі қарсы шыққан. Ол Шахтинск қаласына қарай жол жүріп бара жатып, қарсы бетке шығып кеткен. SANOS маркалы автобуспен соқтығысқан. Оқиға орнынан видео жарияланды. Кадрларда жолаушылар аударылған автобус салонынан өз бетінше шығып жатқанын көруге болады. Сондай-ақ, бірнеше жедел жәрдем көлігінің бар екені байқалады.


Түркістан облысында 21 адамы бар жолаушылар автобусы аударылып кетті 


"121-ші автобусты 29 жастағы жүргізуші басқарды. Жол апаты салдарынан автобус қырына аударылып кеткен. Автобустың 65 жастағы жолаушысы түрлі жарақаттармен Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Аталған факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр