Министрлер кабинеті такси жүргізушілері мен курьерлерге арналған әлеуметтік пакет жобасын мақұлдады
Онлайн-сервистердің жүргізушілері мен курьерлерін әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстанда 500 мыңнан аса адамның түрлі онлайн-сервистерге жұмыс істейтінін айтып өтті. Премьер-министр еңбер министрінен бұл санаттағы азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру үшін қандай шара қабылданып жатқанын сұрады.
"Өткен аптада біз 8 негізгі онлайн платформаның операторларымен кездестік. Олар платформа арқылы жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесіне тартуға толығымен келісті. Сондықтан 1 шілдеден бастап жоба пилоттық режимде жұмыс істейді. "Яндекс" және өзге де сервистерде ерекшеліктер бар. Осыған сай жоба жұмыс істейді. Нәтижесінде заңға тиісті өзгерістер енгізіледі", – деді министр.
Премьер-министр де жобаны қолдайтынын мәлімдеді. Ол бюрократияық және өзге де кедергілерді жоюға тапсырма берді.