Министр Жаңа жылға қарай қандай азық-түлік өнімдері қымбаттайтынын айтты
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Жаңа жылға дейін кейбір азық-түлік өнімдері қымбаттауы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: www.bratislavskenoviny.sk
Министр азық-түлік бағасының көтерілуі уақытша екенін атап өтті. Оның айтуынша, мерекеден кейін, жазға таман өнімдер қайтадан арзандайды.
"Мұндағылардың бәрі сатыл алушылар. Сондай-ақ біз жаңа жылға қарай кейбір өнімдердің қымбаттайтынын жақсы білеміз. Алайда бұл – уақытша нәрсе. Жазға қарай өнімдердің бағасы қайта арзандайды. Жұмыртқа, ұн, сиыр еті, құс еті және күріштің бағасы аздап өседі. Ал өсімдік майы, қант, қарақұмықтың бағасы керісінше арзандады", – деді министр.
Министрдің айтуынша, нарықтағы барлық өзгеріс – әлемде болатын табиғи маусымаралық процесс.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған