Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алудың екі шартын атады

Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев парламент кулуарында зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алудың екі шартын атады. Оның сөзінше, үкімет қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін шешіп алуға рұқсат беру үшін, жинақ көлемі мен адамның өмір сүретін болжалды жасын негізге алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Сапарбаевтың сөзінше, зейнетақы жинағының бір бөлігін шешіп алуға рұқсат беру мәселесі бойынша нақты шешім әзірге қабылданған жоқ. Қазіргі уақытта арнайы жұмыс тобы жұмыс істеп жатыр, дейді. Жұмыс тобы нақты ұсыныстарды дайындағаннан кейін, мәселе қоғам талқысына ұсынылады.

«Бәрі әрбір қаазқстандықтың зейнетақы жинағына байланысты болады. Екіншіден, адам өмірінің ұзақтығына, яғни біздің қазіргі есептеулеріміз бойынша, нақты бір азаматтың зейнет жасында шамамен қанша өмір сүретініне қарайтын боламыз. Яғни зейнетақы жинағы осы уақытқа жете ме, жоқ па, сол жағына қараймыз», - дейді вице-премьер. 

Еске сала кетсек, биылғы жылдың қыркүйек айында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалану үшін шешіп алуға рұқсат беру мәселесін жыл соңына дейін пысықтауды тапсырған еді. 

Талқылау