Министр оқу жылының аяқталуына қатысты бұйрыққа қол қойды
Биыл мектептер мен колледждерде оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов сәйкес бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2022 жылдың 26 мамыры мен 17 маусым аралығында жазғы мектеп ұйымдастырылады. Ал емтихандар алдын ала бекітілген кестеге сәйкес өтеді. Жазғы демалыс 1 қыркүйекке дейін созылады.
Айта кетейік, бұған дейін Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда жазғы мектептің міндетті болмайтынын мәлімдеген еді.
Көкжайлаудағы QR-код жұртты шулатты: Аумаққа кіру ақылы болып кетті ме
Ақы төлемегендерге 21 625 теңге айыппұл салынады
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген