Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр қатерлі ісікке шалдығып төсек тартып жатқан көпбалалы анаға көмектесті

ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенов қатерлі ісікке шалдыққан алты баланың анасы Ділбар Құттыбайдың жағдайына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

komek3

Үкіметтің араласуы арқасында әйел екінші топтағы мүгедек атанып, қосымша жәрдемақыға ие болған.

Ділбардың төрт жыл бұрын жолдасы қайтыс болғаннан кейін жұмыс іздеп балаларымен Шымкентке келген. Ол жақта бір ғана бөлмемен, кіреберістен тұратын бос қалған үйді жалға алады. Екі жылдан соң дәрігерлер Ділбардан қатерлі ісікті анықтаған. Екі ай бұрын ауруы асқынып, әйел төсек тартып жатып қалады. Шымкентте “Күміс алқа” иегері қатерлі ісік дертіне шалдығып, мектеп жасындағы бес баласы пакет теріп , қолдарынан келгенше жұмыс істеп, асырап жатқаны жайлы бұған дейін де сайтымызда жазылған болатын.

“Маған тағы да бір химиотерапия керек, бірақ, дәрігерлер жүрек оны көтере алмауы мүмкін”, – дейді Ділбар.

Көпбалалы ананың жағдайы туралы БАҚ айта бастаған соң, министр Тамара Дүйсенованың бұйрығымен Ділбар Құттыбай консультациялық қаралым ұйымдастырылған. Ол медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге мүмкіндік алды.

“Ділбар Құттыбай екінші топтағы мүгедектікке шығарылды. Және әкімдікке оған әлеуметтік қосымша қолдау көрсету керектігі туралы өтініш хат жіберілді”, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Мүгедектігі үшін берілетін жәрдемақыны көпбалалы ана келесі айдан бастап алады. Ділбарға төленетін жалпы әлеуметтік көмек сомасы 98 мың теңгеге жетті.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында 8 жасар қыздың туыстары педофилдің басын шаппақ болған

АҚШ аспазы мейрамхана қонақтарына қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынып жүр

Түркістанда жас жұбайлар тойын оңалту орталығындағы балалармен бірге өткізді (фото)

Оңтүстік тұрғыны 2 млн теңгеге «ЭКСПО» билетін  сатып алды

Талқылау