Министр халық санағын келесі жылға ауыстыруды ұсынды
ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов пандемия жағдайын байланысты халық санағын келесі жылға ауыстыруға ұсыныс жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында Дәленов қызметкерлер мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін биыл санақ өткізбеген дұрыс деп есептейтінін айтты.
"Халық санағы 1-30 қазан аралығында өтеді деп жоспарланған. Коронавирус инфекциясының жаппай таралмауы үшін Ұлттық экономика министрлігі биыл өтетін халық санағын келесі жылға ауыстыру туралы Үкіметке ұсыныс айтты", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Ұлттық санақ 2020 жылдың 1 қазанынан 30 қазанына дейін жоспарланған.
"Басты себеп - санаққа қатысушылар мен санақты жинайтын персоналдың амандығы. Біз тиісті шешімді күтіп отырмыз", - деді министр.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған