Министр Бағдат Мусин бесінші рет әке атанды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бесінші рет әке атанды. Қуанышты хабарды шенеуніктің өзі Facebook парақшасында хабарлады.
“Баспасөз маслихатында қойылып жатқан сауалдарға үшін емес, өмірімдегі ең бақытты сәтті күту сезімінен қобалжып отырдым. Сүйінші! Біз бесінші рет ата-ана атандық”, – деп жазды министр.
"Әкесі министрлікте басшы болған": 37 жастағы министр Бағдат Мусин жайлы не білеміз
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2 қызы мен 2 ұлы бар.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Бағдат Мусин ОКҚ-да өткен брифингке қатысқан болатын. Ол Нұр-Cұлтандағы ХҚКО-ға барып, адамдардың жүргізуші куәлігіне емтихан тапсырмай-ақ алғанын өз көзімен көргенін айтқан.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды