Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде жүргізуші куәлігін алу талаптары қатаңдатылады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Нұр-Cұлтандағы ХҚКО-ға барып, адамдардың жүргізуші куәлігіне емтихан тапсырмай-ақ алғанын өз көзімен көргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"24 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бардым. Шынымды айтсам, cыбайлас жемқорлық жайттары анықталды. Өйткені халық теориялық және практикалық емтихандардан өтпей-ақ, жүргізуші куәлігін алғанын көрдім. Мұндай жағдайлардың нақты саны қанша болғанын білмейміз", - деді Мусин брифингте. 

Тіпті министр емтихан тапсыру қызметіне өзі барғанын және қазақстандықтардың тест тапсырмастан жүргізуші куәлігін алғанына көз жеткізгенін айтты. 

"Қазір бұны тоқтату үшін шаралар қабылдап жатырмыз. Кеше, мысалы, Нұр-Сұлтанда күні бойы жүргізуші куәлігін тек үш адам алды. Бақылауды күшейтіп, емтиханға кім кіретінін, дәл сол адам ба, жоқ па тексеру үшін қосымша адамдар қойдық”, – деді ол.

Цифрландыру министрлігінің басшысы анықталған бұзушылықтардан кейін бақылау күшейтілгенін, емтиханға келгендердің жеке басын тексеретін қосымша қызметкерлер тартылатынын жеткізді. 

“Болашақта жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық және практикалық тесттерден өту кезінде биометриялық сәйкестендіруді енгізуді жоспарлап отырмыз. Азаматтар көлік жүргізу дағдыларын растамай, жолға шығу қауіпті екенін түсінуі тиіс. Халық мемлекеттік қызметтерді жеңілдету жүргізуші куәлігін алу немесе техникалық тексерістен өтуді WhatsApp арқылы жүзеге асыру үшін жасалмағанын түсінуі керек. Біз Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, жүргізуші куәліктерін алу талаптарын қатаңдататын боламыз", - деді Мусин.

Сондай-ақ, министр халыққа қызмет көрсету орталықтарына жасырын түрде баруды жалғастыратынын айтты.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр