Министр "Алтын Орда" базарындағы заңбұзушылықтар үшін Болат Назарбаев не себепті жауапқа тартылмағанын түсіндірді
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Алматы облысында "Алтын Орда" базарындағы жаппай заңбұзушылықтар үшін Болат Назарбаевтың не себепті жауапқа тартылмағанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: optimism.kz
"Біз зерттеген құжат бойынша ол базардың иесі емес. Сондықтан мен оның басшысы, оның иесі Болат Назарбаев екені туралы нақты ештеңе айта алмаймын. Заңды түрде қолымнан келмейді", – деді Арман Шаққалиев.
Министр "Алтын Орда" базарында заңнамалық нормалардың жаппай бұзылғанын, бұл санитарлық, өртке қарсы және құрылыс нормаларын сақтау талаптарына да қатысты екенін түсіндірді. Аталған бұзушылықтарды жою мақсатында арнайы топ құрылып, оның құрамына уәкілетті органдардың өкілдері кірді. Бүгінде көптеген заң бұзушылықтар жойылды.
"Біздің міндетіміз осы нарықты заң талаптарына сәйкестендіру", – деді министр.
Министр Болат Назарбаевтың бұл нарықтың заңды иесі емес екенін және заңбұзушылық істеріне қатысы жоқтығын айтты.
"Бізде меншік иелері бар, бұл – жауапкершілігі шектеулі серіктестік және біз олардан жауап аламыз", – деді Арман Шаққалиев.