Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Міндетті түрде назар аударамыз": Қаржы мониторингі агенттігі Бишімбаевтар отбасының мүлкін тәркілеу мәселесіне пікір білдірді

Мәжіліс алаңында Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Бишімбаевтар отбасының мүлкін тексеру мәселесі туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жоғарғы сот

Журналистер Бишімбаевтар отбасының мүлкі мен оның заңдылығын тексеру туралы петиция жайында сұрақ қойды. Ол бүгінде Бишімбаевтарға қатысты іс тергеліп жатпағанын айтты.

"Бүгінде бізде қылмыстық іс тіркелген жоқ. Бірақ біз заңсыз жолмен алынған кірістерге қатысты жаһандық тексерістерді тұрақты түрде жүргіземіз.

Ал егер қылмыстық жолмен табылып, заңдастырылған заңсыз кірістер бар екені анықталса, біз оларды міндетті түрде жауапқа тартамыз", –  деді Жеңіс Елемесов.



Қаржы мониторингі агенттігінің өкілі петиция нәтижесін күтуге шақырды.

"Жарайды, біз міндетті түрде бұл петицияға назар аударамыз. Өтініштің нәтижесін күтіп, осы мәселені зерттейік. Біз бұны міндетті түрде қарастырамыз. Уайымдамаңыз, міндетті түрде хабарлаймыз", – деп сендірді агенттік төрағасының орынбасары.

Еске салсақ, бұған дейін 50 мыңнан аса қазақстандық Бишімбаевтың туыстарының мүлкін тәркілеу туралы петицияға қол қойғаны айтылды.

Талқылау