“Мынау деген масқара ғой”: Дариға Бадықованың қызы батыс келіндерінің сәлем салғанын көріп шошыды
Дариға Бадықова қызын ертіп, батыс өңірге барып қайтты. Актриса қызына осы күннен бастап келіннің міндеттерін үйретіп жүр. Алайда актрисаның қызы келіндердің сәлем салғанын көріп шошыды.
Бұған дейін Бадықова келіндер жарысын өткізетінін мәлімдеген еді. Ол еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған келіндер арасынан ең үздігін анықтамақ.
Осы мақсатпен Маңғыстауға аттанған ол қызын ерте барды.
"Каркуша, Батысқа келін болсаң, осылай жер үйде, ана келіндер сияқты шай құйып жібересің", – деді.
Ал қызы бұдан шошынғандай кейіп танытты.
"Ойбай-ау, масқара ғой мынау. Жоқ", – деп жауап берді актрисаның қызы.
“Әр елдің салты басқа, иттері қара демекші” еліміздің әр өңірінде келіндердің міндеті, сәлем салуы да әртүрлі. Әсіресе батыс өңірде жас түскен келіндерді оңай ажыратуға болады. Келіндер үнемі қазақи көйлек пен ақ орамалын басынан тастамайды. Ал жаңа түскен келіндер алғашында қызыл орамал тағып жүреді.
Дариға Бадықованың өзі де “Келінжан” сериалы арқылы көпке таныс. Актриса долы мінезді Айсара келіннің рөлін сомдайды.
“Мысалы келіндер, күйеуіңізбен, енеңізбен, қайын әпкеңізбен, сөзге келіп қалсаңыз, өз анаңызды болмаса әжеңізді шақыртасыз ба? Проблемаңды айтқан дұрыс па?! Сіз шақыртып көрдіңіз бе? Шақыртқандар айта беріңіздер. Мен өзімді айта кетейін, ешкімді шақыртқан емеспін. Шақырмаймын да, өзім шешемін”, – деп ағынан жарылды актриса.
Желідегі оқырмандарының көпшілігі актрисаның мінезі өмірде де Айсара келіннің мінезіндей деп топшылады.
“Шақырған емеспін, бірақ әртүрлі себептер болады. Қатты кетіп жатса, араластырған дұрыс деп ойлаймын”, “Ассалаумағалайкум, Дариға ханым, бір кездері, жас кезімде шақыртқанмын, қазір өзім шешетін жасқа келдім”, “Анамның жүрегін ауыртқым келмейді, не жағдай болса да, әр істің артын бағамын, ақылға саламын, көп ойланамын, бәрібір өзім сүйіп қосылған жан жарым, құдай қосқан күйеуімнің туыстары ғой дейсің де, күйеуімнің көңілі үшін бәрін ұмытуға тырысамын”, “Сіз өмірде де Айсара секілдісіз”, “Өмірде де мінезіңіз тік пе?”– деп жазды олар.

"Жиырмадан асқан жігіттер қырындайды": Қызының қатарласындай жас көрінетін 40 жастағы қазақстандық әйел желі жұлдызына айналды
