Екі жатыры бар әйел егіз баланы дүниеге әкелді
Сирек кездесетін ауытқушылығы бар америкалық әйел екі күнде екі баланы дүниеге әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: BBC
Екі жатыры бар әйелдің босану уақыты 20 сағатқа созылды. 32 жастағы Келси Хэтчер Алабама университетінің Бирмингем (UAB) ауруханасында сейсенбі күні бірінші қызын, сәрсенбі екінші қызын дүниеге әкелді. Қыздар егіз болып саналады, алайда олардың туған күні сәйкес келмейді. Бұл – сирек кездесетін жағдай.
"Атаулы күнді мерекелеу үшін үйге оралдық. Себебі мен Рождествоға дейін босануым керек деп жоспарлағанмын", – деді Хэтчер.
Бирмингем ауруханасының акушері ана мен жаңа туған нәрестелердің жағдайы жақсы екенін мәлімдеді. Ол осы уақытқа дейін мұндай сирек жүктілікті кездестірмегенін айтты.
"Негізінде екі жатырда ұрық біту мүмкіндігі одан да төмен, "миллионнан бір", – деді UAB дәрігерлері.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі