Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрылысына миллиард теңге жұмсалған: Ақтөбеде көпір екі жылдан кейін қайта жабылды

Ақтөбеде екі жыл бұрын салынған көпір жөндеуге жабылды. Оны кезінде миллиард теңгеге жасаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31арнаға сілтеме жасап.

актобе көпір

Cурет: 31 арна түсірілімінен скриншот

23 қыркүйекте Ақтөбеде Елек өзені арқылы өтетін жол көпірі жабылды. Ол Ақтөбенің оңтүстік айналымында орналасқан және трассаларды "Батыс Еуропа — Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізімен байланыстырады. Қымбатқа салынған көпірдің сапасы бағасына сай болмады. Жол жамылғысының  жағдайы автокөлік иелерінің шағымын тудырды. 

Көпір жабылғандықтан, жүргізушілер маршрутты қайта құрып, айналма жолға баруға мәжбүр болды. Жол 25 қыркүйекке дейін жөнделеді. Шенеуніктер мердігерді сотқа берді, ал тергеу жүріп жатқан кезде жолды басқа компания жөндейді.

Қала тұрғындарының айтуынша, аталмыш жолдың сапасы нашар, шұңқырлардың кесірінен көліктер сынады. 

“Осы шұңқырларды айналып өту үшін жүргізушілер қарама-қарсы жолға шығып кетеді, соның кесірінен жол апаты болады. Онымен қоса, жарық та жоқ”, – деді тұрғындардың бірі. 

Қазір жергілікті әкімдік кепілдік міндеттемелер шеңберінде ақауларды жоюға тиіс жосықсыз мердігермен соттасуда. Алайда бас мердігер кінәні өзінің қосалқы мердігеріне сілтейді. Қосалқы мердігерге прокурорлар жол жұмыстарына бөлінген құмды заңсыз өндіргені үшін айыппұл салған. Әзірге атыраулық компания шұңқырларды жөндеуге келісті.

 "КТП" ЖШС бас мердігерімен болған жағдайды ескере отырып, біз оларға қатысты талап арыз бердік”, – деді Ақтөбе облысы автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр.

Елек өзені арқылы өтетін көпір –  7 миллиард теңгені құрайтын "Оңтүстік айналма жолы" үлкен жобасының бір бөлігі. Айналма жолдың құрылысы  қаржыландыру мәселесі бойынша, содан кейін мердігердің қаражатты игермеуіне байланысты бес жылға созылды. Олар жолды қазан айының соңында ашуға уәде берді. Ал шенеуніктердің айтуынша, күрделі жөндеуді келесі жазға дейін кейінге қалдыруға тура келеді.

Талқылау